Жарияланды: 09.08.2019

Шымкентте «Денсаулық жолы» акциясы жалғасуда

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қаланың шетіндегі халыққа білікті дәрігерлерден құралған топ жылжымалы медициналық кешенмен барып медициналық көмек көрсетуде.

Бүгін № 9 Шымкент қалалық емханаға қарасты Жиделі елді мекенінде бейінді дәрігерлер қабылдау жүргізіп, жергілікті тұрғындар үшін тегін диагностикалық тексеру жұмыстарын өткізуді. «Денсаулық жолы» акциясы аясында өткізілІліп жатқан шараға тұрғындар белсене қатысып, ақ халаттылар 500-ден аса жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетті. Атап айтар болсақ, қалалық тіс емханасының дәрігерлері жылжымалы медициналық қондырғының көмегімен тұрғындардың ауыз қуысы мен тісін тексеріп берді.

Сондай-ақ ультра дыбыстық зерттеу қондырғысы арқылы медицина мамандары диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізіп, электрокардиограмма аппараты арқылы тұрғындардың жүрегін тексеріп берді. Айта кетейік, дәрігердің қабылдауныан гөрі жергілікті халықтың басым бөлігі диагностикалық тексерулерден өтіп жатты. Себебі қаланың шетіндегі Жиделі шағынауданындағы емханаға қарасты бөлімшеде медициналық қондырғылар орнатылмаған. Сондықтан «Денсаулық жолы» акциясы аясында ұйымдастырушылар жергілікті халық үшін жылжымалы медициналық қондырғыларды арнайы орнатып, диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ іс шараға қатысқан азаматтар «Саламатты әдеттер» марафонының төрт кезеңіне қатысты.

Біріншісінде қатысушылар денсаулыққа аса зиян тұзды тұтынуды шектеді. Екінші станцияда қонақтар суды белгілі мөлшерде ішті. Үшінші кезеңде қатысушыларға жеміс-жидектер ұсынылса, төртінші станцияда флеш-моб биледі. «Денсаулық жолы» акциясы 31 тамызға дейін жалғасады. 12 тамыз күні Асар 2 елді мекенінде 13 тамыз күні Қайнарбұлақ елді мекенінде 14 тамыз күні Ақжар елді мекенінде 15 тамыз күні Құрсай елді мекенінде 16 тамыз күні Шапырашты елді мекенінде 19 тамыз күні Тұрдыабад елді мекенінде 20 тамыз күні Сайрам елді мекенінде 21 тамыз күні Өтеміс елді мекенінде қабылдаулар жүргізіледі.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында кардиолог, терапевт, эндокринолог сияқты бейінді мамандарды тарту арқылы артериялық қан қысымын, холестерин мен глюкоза, физикалық параметрлер деңгейін, денсаулық мектептерінде қауіпті факторларды түзету арқылы жеке қауіпті анықтау үшін дене салмағы индексін анықтаумен «Ашық есік күндері» өткізілетін болады. Медициналық тексерулерден өтуге мүмкіндіктеріңіз бар. Толық мәліметті қалалық емханалардан алуға болады. Акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

1 295 қаралым