Жарияланды: 26.11.2019

Басты көше асфальтталады

Шымкент қаласының қарамағына өткен елді-мекендер көп. Мәселен, Қаратау ауданына Сайрам ауданынан 11 елдімекен қосылды. Осы шағынаудандардың инфрақұрылымын дамыту бүгінде қала әкімінің басты назарында тұр. Қазіргі таңда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе отырып «Қайнарбұлақ», «Асар-2», «Достық» шағынаудандарының жаңа құрылыс аумағындағы негізгі үлкен көшені асфальттау жұмыстары жүргізілмек. Елдімекендердің өркениетке басқан бір қадамы ретінде басты бір көшені асфальттап, қоғамдық көлік жүргізу негізгі жоспарда бар.

Желтоқсан айының соңына дейін үлкен үш көше асфальтталады. «Асар-2» шағынауданында жарықтандыру жүріп жатыр. Тассай, Таскен тұрғын алаптарында «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-нің модернизация бағдарламасымен электр бағаналары қойылып, жаңартылатын болады.

843 қаралым