Жарияланды: 26.11.2019

Аулалар абаттандырылуда

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бүгінгі таңда өз жемісін беруде. Бұл ең алдымен қала инфрақұрылымын дамытуға көп септігін тигізіп жатыр. Осы жобаның аясында «Нұрсәт» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына заманауи ойын алаңдарын орнатып, спорт алаңшаларын салынуда. 57 аулаға жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған. «Нұрсәттегі» тұрғын үйлердің біразының салынғанына он жылдай уақыт өткендіктен, аулалары жөндеуді қажет етеді. Сондықтан, ең алдымен аталған шағынауданды көркейтіп, жаңарту жұмыстары басталды. Спорт алаңшалары бұдан бөлек, Бозарық, Тассай елдімекендерінде де жасалады. Балалардың игілігі үшін жасалатын жұмыс ең бастысы сапалы болуына баста назар аударылады.

708 қаралым