Жарияланды: 26.11.2019

Климаттың өзгеруі мен құрғақшылық жәйі талқыланды

Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және «Тұрақты дамуға көмектесу» орталығының ұйымдастыруымен Шымкентте семинар өтті. Іс шара барысында құрғақшылық аудандар мен жер ресурстарын тұрақты басқару мәселесі талқыланды. Сарапшылар фермерлерге суармалы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру жолдары, тамшылатып суарудың инновациялық жүйелері, органикалық қалдықтардан биогаз өндіру және оны ауыл шаруашылығында қолдану туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері, сала мамандары егіншілікте әртараптандырудың заманауи технологияларын пайдалану мүмкіндіктері жайлы мағлұмат алды. Инфрақұрылымның негізгі бағытына жататын сумен қамту мәселесі мамандарды қызықтырып қойды. «Тақырып өте өзекті. Су ресурстарын тиімді және мақсатты жұмсау бойынша қажетті мәліметтерді алдық. Жұмыс барысында қолданамыз. Аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімдері мен фермерлер қатысып жатыр, қазір егіншілік, мал шаруашылығы болсын жаңа технологияларды қолданудамыз» дейді мамандар.

1 322 қаралым