Жарияланды: 26.11.2019

Бос жатқан жерлерде саябақтар салынады

Шымкент қаласының орталығында бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылады. Және ол жерлерге аллея немесе саябақтар салынатын болады. Шымкент қаласы бойынша ең үлкен аудан болып саналатын  Әл Фараби ауданында 47 саябақ бар. Олардың барлығы да қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. Алдағы уақытта олардың қатары арта түспек. Бүгінде қараусыз қалған 12 жер анықталып отыр. Алдағы уақытта ол жерлер көркі көз тартарлық тамаша саябақтарға айналуы бек мүмкін.

 

872 қаралым