Шымкент қаласының тұрғыны Умирбаев Дәуіржан Қайратұлы. 21 жаста. Ол — белсінді жастардың бірі. Биыл кәсіп бастау мақсатында Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығына келіп, 1 айлық оқуға жолдама алған болатын. Оқуын тәмамдап, жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған 505 мың теңге Мемлекеттік грант конкурсына бизнес-жоспарын ұсынып, нәтижесінде грант иегері атанды. Қазіргі таңда Дәуіржан Қайратұлы Нұрсәт шағынауданынан лаваш орталығын ашып, кәсібін жүргізуде. Бір қуантары, Дәуіржанның қызметіне сұраныс күннен күнге артып келеді. «Жастар жылында» кәсібін бастауды мақсат тұтып, мақсатын айқын орындап отыр.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі