Жарияланды: 26.11.2019

Сапалы ауыз су мен жарық мәселесі шешімін тапқан

Еліміздегі үшінші мегаполисте инфрақұрылым жақсы дамыған. Қалаға қарасты аудандарда да шешімін күткен мәселелер біртіндеп шешіліп келеді. Шымкент қаласындағы Әл Фараби ауданында бүгінде 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар. Сайрам, Қазығұрт, Төлеби аудандарынан қала аумағына енген 276 орам, 195 орам, Текесу тұрғын алаптары қалаға тән инфрақұрылыммен қамту мәселесі шешімін тапқан. Бұрнағы жылдары Әл Фараби ауданына қарасты осы аймақтарда таза ауыз су және сапалы электр жарығының күрмеуі кертілмей келген болатын. Қазір 276 орамдағы 150 жеке тұрғын үйге демеушілер есебінен сапалы электр жарығы тартылды. Текесу тұрғын алабына да таза ауыз су жеткізуді демеушілер есебінен ұйымдастырылды. Ал Бадам елдімекеніне қарасты 195 орамға сапалы электр жарығын тарту үшін бюджеттен 253 млн. теңге бөлінді. Қазір жарықтандыру жүйелері мен электр бағандары орнатылуда.

1 060 қаралым