Жарияланды: 26.11.2019

Шырайлы кентті көріктендіру үшін…

Шымкент қаласының бұрын жалпы жер көлемі 40 мың гектар болған болса, бүгінде 117 мың гектарды құрайды. Күнгейдегі көрікті қалаға Сайрам, Төлеби және Ордабасы аудандарынан 41 елдімекен қосылды. Шаһар көлемінің ұлғаюына байланысты жаңадан Қаратау ауданы құрылды. Бас жоспарға сәйкес, Шымкенттің шекарасы 3 есеге ұлғайды. Осы орайда қала әкімі Ерлан Айтаханов шалғай шеттегі шағынаудандардың шешімін күткен мәселелерін шешуді басты назарда ұстап отыр. Шымқалаға жаңадан қосылған Исфиджап, Жаңаталап, Сайрам, Игілік елді мекендері тұрғындарымен кездесулер өткізіп, олардың мұң-мұқтажымен танысты. Тұрғындарды толғантып отырған басты проблемалар – қажетті инфрақұрылымдар, атап айтқанда сапалы ауыз су, газбен жабдықтау, электр қуаты, жол, кәріз жүйелерінің жеткіліксіздігі, қоғамдық көлік мәселесі алдыңғы кезекте шешілуі керектігіне мән беріп, осы жұмыстарды жүйелі шешуді басымдық беріп отыр. 

758 қаралым