Жарияланды: 27.11.2019

ҚОЛЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН…

Шымкентте Ардақ Бериков деген азамат тұрады. Жасы 27-де. Ол биыл «Бастау бизнес» жобасымен оқып, грантқа құжат өткізген. Нәтижесінде бизнес жобасын сәтті қорғап, грантқа ие болды. Жас шебер қазіргі таңда ағаштың түр-түрінен ұлттық ою-өрнекті ыдыс-аяқтар, яғни астаулар, қымыз-қымыран, еттің сорпасын құятын үлкенді-кішілі кеселер, қасықтар және т.б.дүниелерді жасауды қолға алған. Тапсырыс берушілер негізінен жеке тұлғалар екен. Айта кету керек, Ардақтың арнайы білімі жоқ. Ол бұл өнерді өзі үйреніпті. «Біз ұлттық құндылығымызды жаңғыртып жатырмыз. Әр қазақтың үйінде осындай ұлттық ою-өрнегі бар ыдыс-аяқтар болуы тиіс» дейді Ардақ. Алдағы уақытта ыдыс-аяқтармен шектеліп қалмай, ағаштан сапалы сандықтар мен жиһаздар жасауды жоспарлап отыр екен.

825 қаралым