Жарияланды: 27.11.2019

Төлем жүйесін ретке келтіріп жатыр

Шымкент қаласының тұрғыны Бекмұрат Оңалбай Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, Жұмыспен қамту орталығының жолдауымен «Атамекен» ҰКП -ның «Бастау бизнес» жобасы бойынша 21 күндік оқуын тәмамдаған. Өзінің бизнес жобасын сәтті қорғап, 505 мың теңге мемлекеттік грантты жеңіп алған ол онлайн билет сатуды жүзеге асыратын easybus.kz интернет порталын іске қосқан. Яғни, портал қалада жүретін автобустардың электрондық билеттері және автовокзалдарды автоматизациялауға бағытталған. Қазіргі таңда жас кәсіпкер өзінің командасымен Шымкенттен шығатын 14 бағыт бойынша тиісті бағдарламалық жұмыстарды және төлем жүйесін ретке келтіріп жатыр. Қаладағы 5 автовокзалмен және Түркістан, Шардарадағы автовокзалдармен келісімге отырған. Онлайн билет сатып алу жүйелері автовокзалдарға тегін орнатылып жатса, порталмен жұмыс жасау жолдары да қызығушылық танытқандарға, автовокзал мамандарына ақысыз үйретілуде.Бекмұрат Оңалбай Алматы қаласындағы ҚазҰУ — дің түлегі. Мамандығы — механика. Ол аталған порталды іске қоспай тұрып нарықты бүге-шігесіне дейін зерттепті.


Шымкент Әлеуметтік Қорғау Басқармасы

 

794 қаралым