Жарияланды: 27.11.2019

Бөлінген қаражат қала инфрақұрылымын дамытуға тың серпін бермек

Шымкент қаласының 2018 жылы бекітілген 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы тың серпін алды. Ол 5 бағыттан тұрады: экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары. Бағдарламада 72 индикаторлар қарастырылса, оның 2018 жылы 65-не қол жеткізілді немесе орындалуы 90,3 пайыз болды. Нәтижесінде, қаланың жалпы өңірлік өнімі 2,1 трлн теңгеге жетіп, өсімі 114,1 пайызды құрады. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Халықтың жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім — 2,2 млн теңгеге жетті. Ең бастысы бөлінген қаражат қала инфрақұрылымын дамытуға тың серпін бермек.

770 қаралым