Жарияланды: 27.11.2019

9 сумен қамту нысандарының құрылысы жүргізілді

Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамыту бағытында қала халқын орталықтандырылған сумен қамту деңгейін 93 пайызға, су бұрумен қамтуды — 49,1 пайызға жеткізу қажет болса, 2019 жылы 9 сумен қамту нысандарының құрылысы жүргізіліп, жоспарланған көрсеткіштер толығымен орындалды. Салада 2019 жылы 35,5 млрд теңгеге 700 жұмыс орны мен 9 жобаны іске асыру жоспарланып, бүгінгі күнге 4 жоба іске қосылып, 190 жұмыс орны ашылды. Өндірістің дамуына қаладағы 2 индустриялық аймақ өз үлесін қосуда. Қазіргі таңда, құны 42 млрд теңгеге 67 жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Ашылғаннан бастап мемлекеттік бюджетке 16 млрд теңге көлемінде салық түсті.

746 қаралым