Жарияланды: 27.11.2019

Инфрақұрылымы дамыған озық аудан болмақ

 

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық  әлеуетін дамыту үшін шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттыру алдыңғы орында тұр. Үшінші мегаполистегі ең ірі жобалардың бірі «Shymkent City» болмақ. Ол  12 орамнан тұратын шағынаудан. Бұл қаладағы барлық жағбдайы жасалған, инфрақұрылымы дамыған озық аудандардың бірі болады.  Онда тұрғын үй мен бизнес орталықтарынан бөлек, сауда орындары, емхана, ойын-сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп жоспарланған. Осы аумақта оңтүстіккореялық Highvill Kazakhstan инвестициялық-құрылыс компаниясы жалпы 51,5 га аумаққа тұрғын үй құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Оған 1 млрд. 350 млн АҚШ доллары шамасында инвестиция тартылған. Ал, салынатын жалпы пәтер саны 7100. Жаңа жоба «Shymkent City»-дің жаңа келбетіне көрік беретін болады. Онда барлық инфрақұрылыммен қамтылмақ.

958 қаралым