Жарияланды: 27.11.2019

Ең жоғарғы көрсеткіш

Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының қаланың өсіп өркендеуіне қосар үлесі қомақты. Аталмыш бағдарламада 72 индикатор қарастырылып, оның 2019 жылы 65-не қол жеткізілген. Нәтижесінде, қаланың жалпы өңірлік өнімі 2,1 трлн теңгеге жетіп, өсімі 114,1 пайызды құраған. Бұл – өсімі бойынша республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Даму бағдарламасы 5 бағыттан тұрады. Олар: экономика әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары. Даму бағдарламасының аталған салаларға соны серпін бермек. 

791 қаралым