Жарияланды: 27.11.2019

210,1 км кәріз жүйелері жүргізілген

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы жоғары көрсеткіштерге жетіп келеді. Жыл басынан бері «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласында жалпы 24,6 млрд теңгеге 25 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Кәріз жүйелерін жүргізу (210,1 км), магистралды жылу құбырларының қайта құру жұмыстары (20 км); 9 мектеп (7200 орын); 2 инженерлік-коммуникациялы инфрақұрылым нысандары; 4 автокөлік жолдары; 2 тұрғын үй құрылысы (7,4 мың шаршы метрді құрайтын 288 пәтер) сынды жұмыстар атқарылған.  Қалабасы әр жиын сайын инфрақұрылым жүргізбей тұрғын үй салу дұрыс емес екенін айтып келеді.

901 қаралым