Жарияланды: 27.11.2019

Игі істің нәтижесі мол

Шымкенттің шырайын асыруға септігі мол Қошқарата өзенінің бойы абаттандырылғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Мұнда көпшіліктің серуендеуіне барынша қолайлы жағдай жасалған. 12,39 гектар жерді алып жатқан бұлақ бастауын абаттандыру жоғары деңгейде атқарылды. Бүгінде бұл маң адам танымастай өзгерген. Киелі өзеннің аңғары тау тастарынан өрілген. Жарықтандыру да кемшін емес. Су құбыры мен кәріз жүйесі де заман талабына сай. 78 шақырымға созылып жатқан Қошқар ата өзенінің аумағында атқарылатын игі істер алғашқы нәтижесін көрсете бастады Алдағы уақытта мұнда тағы абаттандыру жұмыстары жүргізілмек..

 

883 қаралым