Жарияланды: 27.11.2019

Электронды кезек оңтайландырылды

Шымкент қаласындағы білім саласында балабақшаға электронды кезек және жолдама беру, 1-ші сыныпқа қабылдау, мұғалімдерді қабылдау жүйесі оңтайландырылды. Сонымен қатар, IoT технологиясын қолдайтын есептеу құрылғыларын орнату бойынша 5 көпқабатты тұрғын үйде пилоттық жоба іске асып, монополия субъектілері «Е-Shanyrak» жүйесімен толықты. Қауіпсіздік мәселесін шешу мақсатында пилоттық негізде «Сергек» жобасы іске қосылып, 104 камера орнатылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады. Өткен жылы қаламыздағы 476 балабақшаға электронды кезек және жолдама беру жүйесі енгізілді. Шаһардағы 130 мектепте 1-ші сыныпқа қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылды. Аталған жұмыстар мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріне балаларды қабылдауда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алуға мүмкіндік берді.  Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы атқарылған ауқымды жұмыстардың бірі.

Шымкент келбеті

942 қаралым