Жарияланды: 27.11.2019

Өндіріс орнында оқу орталығы бар

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Әлем-БТ» ЖШС-нің шұлық жасау фабрикасында «Әлем білім орталығы» жұмыс атқаруда. Мұның барлығы да «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» шапағаты тиіп отыр. Жобалық құны 2 млрд.тг. болатын «Әлем БТ» өндіріс орны жұмысын 2015 жылы бастаған. Екінші кезеңі 2017 жылы жүзеге асқан. Қазіргі таңда фабрикада 240 тігін машинасы жұмыс істеп, 400-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірілген өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа шығарылса, 30% — ы экспортталады. Құрал жабдықтардың барлығы Оңтүстік Кореядан жеткізілген. Бір қызығы «Әлем БТ» ЖШС тоқыма фабрикасында бір шұлық небәрі 10 секундта тоқылады екен.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі

904 қаралым