Жарияланды: 28.11.2019

Қала бюджеті бірінші кезекте шалғайдағы аудандардың инфрақұрылымын дамытуға бөлінеді

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданының Исфиджаб тұрғын алабының ауызсу және электр қуатымен қамту секілді коммуналды мәселелері кезең кезеңімен шешліп келеді. Сайрам тұрғын алабының инфрақұрылым жүйесі де басты назарда тұр. Негізгі жұмыс халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталып отырғаны белгілі. Қала әкімі Шымкентті мегаполис мәртебесіне лайықты ету үшін шалғайдағы шағын аудандардың инфрақұрылымын дамытуды бірінші орынға қойып отыр. Қала әкімі бұдан кейін Абай ауданындағы Жаңаталап, Игілік тұрғын алабтарының инфрақұрылым жүйелерімен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Елдімекендердің тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық көлік, ауыз су, газбен және сапалы электр жарығымен қамту сынды мәселелерін тыңдады. Тұрғындар көтерген мәселе орынды екенін айтқан қала әкімі қала бюджеті бірінші кезекте шалғайдағы аудандардың инфрақұрылымын дамытуға бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар түйінді мәселелердің уақытылы шешілуін жеке өзі қадағалайтынын жеткізді.

Шымкент келбеті

 

756 қаралым