Жарияланды: 28.11.2019

Мол мүмкіндік сыйлаған бағдарлама

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017ж-2021жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында көпбалалы отбасы мүшесіне, мүгедектерге, 29 жасқа толмаған жастарға өз кәсібін бастау үшін берілген 505 мың теңгенің игілігін көріп жатқандар көп. Аталған бағдарламаның негізгі міндеттері яғни, еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту, жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын бағдарламаны мыңдаған адамның үміт отын жағып, кәсібін бастауына септігін тигізді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, кәсіптің қыр сырын меңгергендер бүгінде ақылы қызмет көрсететін яғни, бухгалтерлік есеп жүргізу, салық төл
еу сынды жұымстарды өздері ақ меңгеріп алған. Мемлекет тарапынан берліген қайтарымсыз грант кәсібін бастап, тәй тәйлап бизнес әлеміне кірген бастаушы кәсіпкерлерге мол мүмкіндік сыйлап отыр. Алдағы уақытта да жалғасын табатын жобаға ниет етіп отырғандар көп. Шымкент қаласының өзінде бастаушы кәсіпкерлердің қатарын күннен күнге артып келеді.

870 қаралым