Жарияланды: 28.11.2019

«Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов аудан аумағында орналасқан «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аталған шағынаудандардағы бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, магистральді ауыз су жүйесінің құрылысы, мемлекеттік жарық, көшелерге асфальт төсеу, №86 автобус маршруты, мектеп салу, санитарлық тазалық т.б. Мәселелер. Тұрғындар шымкент қалалық әкімдігінң тарапынан атқарылып жатқан біршама тірліктерге алғыс айта отырып өз өтіншітерін де қоса жеткізді.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен сын-ескертпелер назарға алынатындығын жеткізіп, алдағы уақытта аудан әкімдігімен атқарылатын жұмыстармен бөлісті.
Аудан әкімі шағынауданды аралау барысында айтылған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру бойынша тиісті мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осыған орай алдағы уақытта тұрғындардың өтініші толығымен қанағаттандырылатын болады.

932 қаралым