Жарияланды: 29.11.2019

А.Балаева: «Шымкент –мерекелі, берекелі қала, жүректерге шуағын шашқан шырайлы шаһар»

ҚР Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуі кезінде ұлттық құндылықтарымызды жиі дәріптей беруіміз керек деген ойын жеткізді.

– Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласын жариялады. Содан бері үш жылға жуық уақыт өтті. Бүгінде, республика көлемінде аталмыш бағдарлама аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл бағытта Шымкент қаласында да атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар көп. Шымкент – мерекелі, берекелі қала, жүректерге шуағын шашқан шырайлы шаһар. Барлық салада жетістіктері аз емес. Оны ұмытпауымыз керек. «Рухани жаңғыруды» жиі айтып жүрміз, шын мәнінде, ата дәстүрімізді толық танымай, санамызды түземей, рухани жаңғырып жетілу мүмкін емес. Дамуға кесірін тигізетін жат қылықтардан арылатын кез келді. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы болашаққа нық қадам басу мемлекетіміздің негізгі мақсаты болуы керек, – деді Аида Балаева.

827 қаралым