Жарияланды: 30.11.2019

Электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы  орналасқан 11 шағынаудан мен 11 тұрғын алап, 2 саяжайда 247 мыңнан астам халық тұруда. Аудан көлемі 32 256 гектарды құрайды. Аудан бойынша 47 202 жеке тұрғын үй болса, оның 37 511 яғни, 79,5% тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылған. Аудан аумағында жалпы – 47 202 тұрғын үй қоныстанған болса, оның 38 142 үй, яғни (80,8%) — қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, ал, 9 060 үй (19,2%)  жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда. Бүгінгі таңда Сайрам аумағы Тассай бөлімшесі мен Қайтпас, Нұртас шағынаудандарындағы 594 отбасы сапалы электр жарығымен қамтылды.Асар-2, Достық шағынаудандары мен Тассай, Шапырашты, Өтеміс тұрғын алаптарында электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 6 146 отбасы толық сапалы электр жарығымен қамтылатын боладыАл, Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ-сы әзірленген. Құрылыс жұмыстары 2020 жылға жоспарланған. Ауданымыздағы жалпы – 47 202 тұрғын үйдің 35 083 яғни 74,3% табиғи газбен қамтылған болса, ал қамтылмағаны –  12 119 үй, бұл 25,6% құрайды.

 

849 қаралым