Жарияланды: 30.11.2019

Шымкент қаласының бюджетіне салықтан түсетін қаржы көлемі артқан

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданында индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша және жеке инвестиция негізінде«Оңтүстік» индустриалдық және «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймақтарында 2 өндірістік кәсіпорындар ашылып, жалпы 80-нен астам жаңа жұмыс орындары іске қосылған. Ааудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғайып жатыр. Атап айтсақ, жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млрд. теңге жиналып, 2018 жылдың 10 айымен салыстырғанда 29 %-ға артқан.  528 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген.

911 қаралым