Жарияланды: 30.11.2019

47 нысан іске қосылған

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, аудан аумағында 2019 жылдың басынан бері жалпы 47 нысан іске қосылған. 7 ірі, 12 орта және 28 шағын өндірістік-кәсіпкерлік нысандар ашылып, оған тартылған инвестиция көлемі – 9,215 млрд. теңгені құраған. Тиісінше, жаңа бос жұмыс орындары ашылып, 5 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  Мемлекеттік бағдарламаларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ауданның ақпараттық-насихаттық тобы 30000-ға жуық аудан тұрғынымен 24 рет кездесу өткізген. Оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы да кеңінен насихатталды.  

938 қаралым