Жарияланды: 30.11.2019

Шымкентте бюджеттің кіріс көзі көбейген

Шымкентте ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі 104 пайызға артық орындалған. Яғни қазынаға қосымша 5,3 миллиард теңге құйылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 миллиардқа көп. Департамент қызметкерлері мүлік салығын есептеу жұмыстарына ден қойған. Мамандар сауда орындары мен қонақүй қожайындарының мемлекетке берешегін қайта қарауда. Тексерулер нәтижесінде 19 қоғамдық тамақтану орындарының табыс көлемі 5 есеге артқан. Ал, жалдамалы жұмысшылар санының 2 есе көп екені анықталды. Ағымдағы жылдың тамыз айында осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 3,6 млрд. теңге қайтарылған.Ірі базардағы сауда орындарына да талдау жасалды. Нәтижесінде қызметін тіркеусіз жүзеге асырған 154 азамат анықталған. Ал, қаладағы «Тұлпар -2030» базарына салық төлейтін терминалдар орнатылған. Мамандар шаһардағы басқа да ірі сауда орталықтарында осындай қызмет түрін қоюды жоспарлап отыр.Түсіндірме жұмыстарын жүргізу салық төлеушінің назарына әсер етудің тиімді тәсілі. Осы бағытта атқарылған істердің нәтижесінде 3 258 тұлға кәсіпкер ретінде тіркелген. Ал, табысы көбейген 2 564 азамат салық мөлшерін артық төлеп жатыр.

shymkenttv.kz

 

1 242 қаралым