Жарияланды: 01.12.2019

Шымқала алып құрылыс индустриясына айналды

 Бүгінде үшінші мегаполисте мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы жоғары деңгейде орындалуда. Осы тарапта атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Мегаполис мәртебесін иеленген қала алып құрылыс индустриясына айналды. Тұрғындардың баспаналы болуы үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының шарапаты тиюде. Жалпы, Шымкентте барлығы 37 628 азамат баспана кезегінде тұр. Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының берген мәліметі бойынша Шымкентте тұрғын үй тізімінде тұрғандардың жалпы саны 37 628 адамға жеткен. Олардың 1753-ін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 14708-ін халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз қамтылған тобы, 21147-ін мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер құрайды. Кезекке  тіркелгендердің 3585-і көп балалы отбасылар. Бұл көп балалы отбасылар тұрғын үй алу тізіміне екі санаты арқылы тіркелген. Дәлірегі, 1253-і мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер санаты, ал 2332-і халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз қамтылған тобы санатына тіркелген. Шымкенттің сан тарабында салынып жатқан үйлер осы тізімде тұрғандарға кезек бойынша беріледі.

859 қаралым