Баспаналы болудың түрлі тиімді тәсілдері басым. Шымкенттіктердің баспанаға қол жеткізуі үшін бүгінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қол ұшын созып отыр. Жуырда ғана Шымкентте 15 тұрғын пайдалануға беріліп, енді сол үйлердің төлқұжаттары Әділет органдарында тіркеуден өткізілуде. Барлық тіркеу құжаттары рәсімделгеннен кейін 786 пәтер иелері қоныс тойын тойламақ. Аталған үйлердің ішінен 10 арендалық үй (540 пәтер) тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға жалға беріледі. Ал 5 кредиттік үй (246 пәтер) «7-20-25» бағдарламасы аясында несие негізінде үлестіріледі.
Жарияланды: 01.12.2019