Жарияланды: 01.12.2019

Қазына қоржынынан 162 млн. теңге қаражат бөлінген

Шымкенттегі субұрқақтар жұмысы биыл ерте аяқталды. Қала бойынша  субұрқақтардың саны 23. Биылғы жыл басында қаладағы 32 тік ұңғыма мен барлық субұрқақтарды күтіп ұстау үшін бюджеттен 162 млн. теңге қаражат бөлінген болатын.

Алдағы жылы бұл қаражат тағы да көбеймек. Өйткені жуырда ғана А.Байтұрсынов көшесіндегі бір су жаңа субұрқақ пайдалануға берілген болатын. Одан бөлек келер жылы тағы да көбеймек. Ұдайы судың астында тұратын темірлер тез шіріп кететіні белгілі. Күз айында «Жасыл қала» серіктестігі оларды жөндеп, сырлап, тастарын қайта орнықтырды. Бұрынғы көл болған аймақ алдағы жылдары адам танымастай кейіпке ендірілмек.  Жалпы жобаы дайындалып қойған. Мамандар алдағы жылы бұдан бөлек тағы да біраз абаттандыру жұмыстары жүргізілетінін айтып отыр.

771 қаралым