Жарияланды: 01.12.2019

Тұрғындар өтініші жерде қалмайды

Шымкенттегі жаңадан құрылыған шағынаудандар инфрақұрылыммен толық қамтылған. Өркениеттің бар игілігін көріп отыр. Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Солтүстік-Батыс шағынауданы жаңа аудандардың бірі. Мұнда электр жарығы, табиғи газ, су, байланыс желілері барлығы да тартылған. Өзге аудандарда жоқ кәріз жүйелері де бар. Аудандағы Ұ.Арғынбеков көшесі мен Қазына көшесінің қиылысына бағдаршам орнатылды. Шағынаудан тұрғындары қала әкімдігіне қайта қайта өтінішпен шыққан болатын. Әкімдік тұрғындар өтінішін жерге тастаған жоқ. Кешкілік уақытта ұдайы көлік кептелісі орын алатын көшеде бүгін бағдаршамның арқасында кептеліс жоқ.  

824 қаралым