Жарияланды: 01.12.2019

Көше құрылысы 2021 аяқталады

Ж. Адырбеков көшесін кеңейту жұмыстары басталғанына да біршама уақыт өтті. Құрылыс Ж. Алдияров және Т. Рысқұлов көшелерінің аралығында жүргізіледі. Ұзындығы 4 шақырымға жуық. Бұрын бұл жолдың ені бар болғаны 6 метр болса, кеңейтілген жол 14 метрді құрайды және төрт жолақты болады.

Сала мамандарының айтуынша мұнда заман талабына сай жаяу жүргінші жолы мен вело жолдар салынады, деп хабарлайды «Отырар». Құрылыстың құны 1,649 млн. теңге. Биыл мердігерлер соның 526 млн. теңгесін игеруі тиіс. Қалған қаражат 2020 жылы, ал 468 млн. теңгесі 2021 жылы игеріліп жол пайдалануға беріледі.

796 қаралым