Жарияланды: 01.12.2019

Инженерлік инфрақұрылым мәселесі шешімін тапқан

Шымкенттегі Әл Фараби ауданына қарасты «Қарасу» шағынауданындағы үйлердің біразы жөндеуден өткізілген.

Көпқабатты үйлерді жаңғырту бағдарламасы Шымкент қаласында 2011 жылы басталған. Әл Фараби ауданы бойынша 53 үй жөндеуден өткізіліпті. Сала мамандарының айтуынша жаңғырту бағдарламасын қабылдау үшін көпқабытты үй тұрғындарының 100 пайызының келісімі қажет. Арнайы хаттама толтырылып, ол «Тұрғын үй Шымкент» мекемесіне өткізіледі. Биыл аудан бойынша екі үйдің құжаты дайын.

Ауданда ауланы абаттандыру бойынша да үлкен жоспар бар, деп хабарлайды «Отырар». Аудандағы 400 ауланың 50 пайызы ғана жаңартылып, балалар ойнайтын алаңшалар жасалыпты. Биыл 171 ауланың жобалық-сметалық құжаты дайындалыпты.

Әл Фараби ауданы Шаһардың орталығы болғандықтан мұнда инженерлік инфрақұрылым мәселесі шешілген.

824 қаралым