Жарияланды: 01.12.2019

Тек алға, алға!

Шымкентте мемлекеттің 505 мың теңге грантына дара кәсіп ашып жатқандар көп. Солардың бірі — Айерке Мелдебек. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды тәмамдап, бизнес жобасын сәтті қорғап, грантқа қол жеткізген ол түрлі тәттілер пісіруді қолға алған. «Қазір мемлекет кәсіппен айналысамын деушілерге мүмкіндіктер жаратып отыр. Кез-келген адамның кәсіп бастауына кедергі жоқ. Тегін оқытады, бизнес жоспар дайындауға көмек береді. Жан-жақты сүйемелдейді. Ынта, жігер, қалау болса болғаны. Алға ұмтылыс болғанда ғана көздеген мақсатыңа жетесің. Керітартпалықтан арылу керек. Тек алға, алға, алға!» дейді Ақерке. Жас кәсіп иесінің жасы небәрі 23-те.

876 қаралым