Жарияланды: 02.12.2019

Елбасы мақаласы негізінде жоба жасады

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Сұңғат Әбдіразақ «Kazakhland» ойын-сауық орталығы» атты ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жоба жасады.

Ерекше жоба мектептегі ашық есік күнінде таныстырылды. Жоба авторы жұмысты Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге ала отырып жасағанын, сондықтан ойын-сауық орталығы 7 секциядан тұратынын мәлімдеді. Онда ертегі, археология, қазақ әндері, жылқылар, қолөнер, ұлттық ойындар және он екі ай деген елдер бар. Әр елге тап болған бала оның бейнесін ғана көріп қоймай, дауысын естіп, күй тыңдай алады.

Жас өнертапқыштың айтуынша, жоба қолдау тапса, ол туристер үшін де қызық болмақ. Сонымен қатар, ғылыми-шығармашылық идеялар жәрмеңкесінде «Bio worlds», «Рухани жаңғыру», «Robotics», «Ғылыми лаборатория», «Intellectum zone», «STEAM» және «Лайфхак» бағыттары бойынша 140-тан аса жұмыс таныстырылды.

843 қаралым