Жарияланды: 02.12.2019

Тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді

Шымкент қаласының әкімдігі халықпен байланысты күшейтуде. Енді тұрғындардың қажеттіліктеріне жедел ден қою билік жұмысында бірінші орынға шығып отыр. Олардың саны көбеюде — мегаполис аумағы ұлғайды, қосылған 40 елді мекеннің арқасында инфрақұрылымды дамытуға байланысты қосымша проблемалар туындады.Қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық-коммуникациялық орталығының директоры Бекен Қонысовтың айтуынша, бүгінде мегаполис тұрғындарының ұсыныстары мен шағымдары қала және аудан әкімдіктерінің инстаграмында, басқа аккаунттарда бақыланады, сонымен қатар WhatsApp және диспетчерлік қызметтер қабылдайды. «Бізге күніне 15-тен 25-ке дейін түрлі мәселелерді шешуді сұрайтын азаматтардан өтініш келіп түседі », — дейді Б. Қонысов. — Олар ішкі аумақтарды тазартуға, қоқыс жинауға, балалар алаңдарын салуға және жолдарды жөндеуге қатысты. Біз күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, мамандардың шағымдарға жауаптарын және азаматтардың проблемаларын шешудің мерзімдерін қадағалап отырамыз. Бұл жұмыс тек күшейе түседі».

956 қаралым