Жарияланды: 02.12.2019

Жаңақұрылысқа жаңа автобустар қатынайды

Шымкент қаласы Тассай тұрғын алабына жаңа қоғамдық көлік бағыты ашылғанына да біршама уақыт өтті. Тассай Шымкенттің шетіндегі шағынаудандардың бірі. Тұрғындар біраздан бері қоғамдық көлік мәселесін көтерген болатын. Шымкент қаласы Тассай тұрғын алабындағы жаңақұрылыс аумағының тұрғындары жаңа автобус бағытын ашып беруді өтінген. Нәтижесінде, тұрғындар және Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі мен Автомобиль жолдары басқармасы өкілімен бірге қоғамдық көлік бойынша жиналыс өткізілді. Қала әкімдігі тұрғындар өтінішін жерге тастаған жоқ. Аталған тұрғын алапқа  №120 автобус жаңақұрылыс аумағына жүргізіліп бастады. Тұрғындар өтінішті дер кезінде құлақ асқан қала әкімдігіне алғыстарын жаудырып отыр.

1 579 қаралым