Жарияланды: 02.12.2019

Шымкенттік директор батыр аналарға көмек көрсетті

Шымкент қаласының №83 жалпы орта мектебінің директоры Берікбай Михеев 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға тосын сый жасады.

«Қайырымды қала — Шымкенттің» тұрғыны, Қайнар бұлақ саяжайындағы №83 жалпы орта мектебінің директоры Берікбай Михеев өзі басшылық ететін мектептің көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларына 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, қаржылай көмек көрсетті.

№83 жалпы орта мектебінде 2000-нан аса оқушы білім алады. Мектеп директоры мектеп оқушыларының барлығының дерлік аты-жөнін біледі және де әр мерекеде оқушыларын ерекше тосын сый жасап, қуанышқа бөлейді. Қайырымды қаланың тұрғындары осылай көмек қолын созады! Қала әкімі Ерлан Айтахановтың «Шымкент – қайырымды қала» бастамасына шымкенттіктер осылайша үн қосуда.

Rastimes.kz

1 226 қаралым