Жарияланды: 02.12.2019

Квотаның көмегі көп

Бүгінде Шымкент қалалық әкімдігі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын назардан тыс қалдырған емес. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін, Шымкент қаласы әкімінің 20.03.2019 жылы № 245 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарнына квота белгілеу туралы» қаулысы бекітілген болатын. Аталған қаулы бойынша, жұмыс берушілірдің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша 2019-2020 жылға 16 мекемеден 100 орын бекітілген. Қазіргі таңда, орталық арқылы квота бойынша «Шымкент қаласының балалар клиникалық ауруханасына» ІІІ-топтағы 11 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты.«Бал Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 5 орын бекітіліп, орталық арқылы ІІІ-топтағы 6 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты. Шымкент қаласы білім басқармасының «№39 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп» КММ – 4 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты. Шымкент қаласы білім басқармасының «№98 «Мерей» бөбекжай балабақшасына 2 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты. «Қалалық перзентхана» МКК – 6 азамат жұмысқа орналасты.

 

854 қаралым