Жарияланды: 02.12.2019

Әлеуеті төмен әлеуметке көмек

«2019 жылдың басынан бері 19 «Алтын алқа» және 69 «Күміс алқа» төсбелгілері табысталып, 68 көп балалы ананың құжаттары «Алтын» және «Күміс» алқаларымен марапаттауға ұсыныс жолданды. Сондай-ақ, ауданда 12 ҰОС және 1201 тыл ардагерлері бар. Ал, атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап аудан бойынша 8762 отбасы өтініш тапсырып, оның 7782-сі «мұқтаж», ал 980 отбасы «мұқтаж емес»деп танылды. 2019 жылдың 27 тамызынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасыларды анықтау бойынша 5073 отбасыға қайта тексеру жүргізіліп, 507 отбасы табысын жасырғаны анықталды. Қазіргі уақытта осы 507 отбасына тағайындалған 254 млнн теңге көлеміндегі төлемдер толық тоқтатылды», — дейді Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданының әкімі.

875 қаралым