Жарияланды: 03.12.2019

Инфрақұрылым жақсарды

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында басымдықтар қалалық өсу орталықтарын – төрт ірі агломерацияны және өңірлік урбандалған аймақтарды, сондай-ақ тірек және спутниктік ауылдарды дамытуға бағытталған. Қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда инфрақұрылымды дамыту үшін Өңірлік стандарттар жүйесі  енгізілетін болады. Бағдарламаның бірінші бес жылдығы осы жылы аяқталады. 4 ірі агломерацияның (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары мен оларға іргелес елді мекендерінің) халық саны 1 млн. адамға артты. Моноқалаларда сумен жабдықтау желілерінің тозуы 10%-ға және электр желілерінің тозуы 12%-ға төмендеді. Бес жыл ішінде 17 мың маманға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген бюджеттік кредит берілді. Ауылдарды абаттандыру бойынша 8 мың жоба іске асырылды. 700 мыңға жуық ауыл тұрғындары үшін инфрақұрылым жақсарды. Аталған іс-шараларға барлығы 252 млрд. теңге бөлінді. 2014 жылдан бері инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 1,4 трлн  теңге бөлінді. Оның ішінде үшінші мегаполис атанған Шымкентте де көптеген игілікті істер атқарылуда.

793 қаралым