Жарияланды: 04.12.2019

Жастарды жұмыспен қамту қарқынды

Шымкентте жастарды жұмыспен қамту ісі қарқынды. Қазір мамандар жыл басындағы жоспарды артығымен орындап, 4 мыңдай белсенді топқа тұрақты жұмыс орындарына жолдама берген. «Жастар практикасы» да нәтижесіз емес. Бағдарлама арқылы екі қолға бір күрек ұстап, еңбек нарығындағы белсенділігі артқан жастардың тіршілігі тамаша. Думан Орынбасардың жасы –21-де. 2018 жылы орта білім алып, колледжді тәмәмдаған соң жұмыссыз жүрген. 1 жылдан соң арнайы орталыққа тіркеліп, «Жастар практикасы» бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. Бүгінде көпқабатты ғимараттарда жедел сатының жайын бақылайды, деп хабарлайды shymkenttv.kz. Думан  Орынбасар – жұмысшы «Мен көп уақыт жұмыссыз жүріп қалдым. Кейін осы жерге жолдама алып келіп, міне, жұмысқа орналасып отырмын. Рахметімді айтамын. Өте қуаныштымын». Жыл басынан бері 2246 азамат қоғамдық жұмысқа жолданған. Оның 1500-дейі жастар. Мұнан бөлек, мамандар азаматтарды  әлеуметтік жұмыс орындары орналастыруда. Мұның барлығы да «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» арқасы.

705 қаралым