Жарияланды: 05.12.2019

Энерготиімді жасыл қала

Заманауи технологияны қолдана отырып «Шымкент Сити» қалашығын энерготиімді жасыл қала етіп салуға мүмкіндік туып отыр. Өйткені дәл біздің өңірде күн мен жел энергиясының қуаты жоғары. Бұл туралы «Жасыл экономикаға» өтудің аса маңызды бағыттары ретінде қала шаруашылығындағы энергиялық тиімділікті арттыру және жаңғыртылатын энергия көздерін енгізу бойынша семинар-конференцияда айтылды. Осындай пилотты жобаларды аумағы 428 га, 55 мың адам тұруға арналған «Шымкент Сити» жобасында да қолдануға болатынын айтты. Инфрақұрылымның басты атрибуттарының бірі жарық мәселесі тиімді шешілсе, үнемділік болар еді Қолданыстағы ғимараттар энергияны өте көп тұтынады. Шымкент қаласында жүргізілген ең алғашқы энергоаудит мәселесі 1 шаршы метріне 150 кв/сағ. жылу энергиясы тұтынылатынын көрсетті. Ал норма бойынша 77-80кв/сағ. болуы тиіс. Осыдан-ақ біздің қаламызда баламалы энергия көздеріне өту мәселесінің толғағы жеткенін аңғаруға болады.

Мөлдір Кенжебай

Шымкент қаласы

885 қаралым