Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты аудандар қалабасы Ерлан Айтахановтың қайырымды қала жобасына үн қосуда. Тек қана экономикалық көрсеткіштерге ғана көңіл аудармай руханият діңгегіне де баса назар аударып отыр. «Кітап оқыған адамнан қатыгездік шықпайды» дейді Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов. Осы орайда, әкім «Түркістан» шағынауданыңда орналасқан №11 кітапхананың жалпы жай күйімен танысып қайтты. Аудан аумағында жалпы 2 ірі және 7 орталықтандырылған көпшілік кітапханалар орналасқан. Соның бірі №11 кітапхананың жай күйімен кітапхана меңгерушісі Баймуханбетова Айжан таныстырды. Кітапханаға білімін жетілдіру мақсатында жергілікті тұрғындар көптеп келеді. Барлық іс-шараларымызға тұрғындар мен қатар 62, 80 мектептің ұстаздары мен оқушылары, Халықаралық «Жас-Ай» медициналық орталығы толық атсалысады. Кітапханада рухани жаңғыру аясында домбыра, тоғызқұмалақ, шертпе асық ойындары үйірмесі ашылды және кітапхананың қоры 20.000-нан асады. Ұлы кемеңгер, философ, классик ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай кітапханада «Абай салған дара жол» атты әдеби поэзия кеші өтті. Мақсаты жастарға бағдаршам болған ұлы тұлғаның өмірімен шығармаларын насихатталды. «Кітапхананың жай күйімен танысып, өзімнің шын ықыласымды білдіріп кітапханаға деген оң көзқарасымды айтып, кітапханға оқырман болып тіркелдім» дейді Ғабит Мәуленқұлов.
Жарияланды: 07.12.2019