Жарияланды: 07.12.2019

Бар жағдай жасалған

«Альянс» тоқыма фабрикасы

Шымкенттің қазына қазанынан қомақты түсім түсіретін алып өндіріс орнына айналмақ. Мұнда жаңадан 120 жұмыс орны ашылды. Тоқыма фабрикасы 100 мың теңге көлемінде айлық төлейді және жұмысшылардың сол жерде тамақтануы қамтамасыз етілген, 4 ауысыммен жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына баса назар аударып отырған қала әкімі Ерлан Айтахановтың жүйелі жұмыстарының бір көрінісі болса керек. Кәсіпорындағы барлық жұмысшылардың әлеуметтік әл ахуалының көтерілуі қалабасының басты назарында болады.

831 қаралым