Жарияланды: 07.12.2019

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізу тапсырылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі «Шымкент қаласының көпқабатты тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру туралы» №309 қаулысымен, Қаратау аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізу тапсырылған болатын. Тапсырмаға сәйкес, «Нұрсәт» шағынауданында тозығы жеткен 57 аула 143 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын және спорттық жаттығу тренажерларын орнату мен 19 ашық спорт алаңшаларын салу мақсатында жобалық-сметалық есептемелері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы әзірленді. Әзірленген жоба мен шығыс көлемдері  Шымкент қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасымен келісіліп, экономикалық қортындысы алынды. Қазіргі уақытта, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мәселесі қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылды.

799 қаралым