Жарияланды: 07.12.2019

Табиғи газбен қамтылатын болады

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданын табиғи газбен қамту бойынша Асар-2, Достық, Тұран, Тассай шағынаудандарын табиғи газ жүйелеріне қосу мақсатында жобалар әзірленуде. Қала аумағында табиғи газбен қамту мәселесін шешу мақсатында «АГТС-3» (АГРС-3) стансасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Қорытынды алынуына қарай, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Осы жұмыс аяқталса, аудан аумағындағы шағынаудандар толық сапалы табиғи газбен қамтылатын болады.

1 150 қаралым