Жарияланды: 07.12.2019

Бюджет түсімдері жылдан-жылға ұлғаюда

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Молдабайұлының айтуынша аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою мақсатында, 2019 жылдың 10 айында 80 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 102 ретсіз сауда орындары жойылса, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімі тарапынан заңнамаға сай 1191 хаттама толтырылып, 505,0 мың теңге айыппұл салынған. Жарнама туралы заңнамаларға сәйкес, есепті кезеңде 84 рейдтік іс-шара ұйымдастырып, жалпы саны 508 заңсыз жарнаманы жойған. Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан-жылға ұлғая түскен. Жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млрд. теңге жиналып, 2018 жылдың 10 айымен салыстырғанда 29 % арту байқалған.

1 082 қаралым