Жарияланды: 07.12.2019

33,0 млн. теңге қаржы бөлінген

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орамдық жолдар мен аулалардың санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Санитарлық тазалау жұмыстарына жыл басынан бастап 211,0 млн теңге қаржы бөлініп, «Қазақ Строй Жол» ЖШС мекемесі тарапынан тазалау жұмыстары атқарылуда. Ал шөп ору, қураған ағаш бұталарын қырқу, ағаштардың түбіндегі бұталарды ашу, тал әктеу жұмыстарына 33,0 млн теңге қаржы бөлініп, «Созақ ауданының мүгедектері» қоғамдық бірлестігі тарапынан жүргізілуде. Сондай-ақ, аудандағы бей-берекет қоқыс жиналатын орындарды жою мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісімшарт түзу қажеттігі жөнінде елді мекен тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, аудан бойынша 2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелер мен тұрғындардың келісім шарт түзу көрсеткіші 98% жетті.

1 285 қаралым