Жарияланды: 07.12.2019

Келіссөздер жүргізді

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы 2019 жылы 5 желтоқсанда Шымкент қаласында өткен «ASRIAD» түрік қауымдастығының кәсіпкерлерімен іскерлік келіссөздерге қатысты. Іс-шараның мақсаты —  өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысу және бірлескен өндірістер құрудағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау болды. Кездесу аясында Басқарушы компания тоқыма өндірісінде жұмыс істейтін «MAYDAY TEKSTİL», «MERDAL ÇORAP» және «TURDAĞ TEKSTİL» түрік компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, түрік кәсіпкерлері «Бал Текстиль» ЖШС және «Әлем БТ» ЖШС-де болды, онда қонақтардың назарына өндірістің технологиялық кезеңдері мен дайын өнім үлгілері ұсынылды. «Оңтүстік» АЭА-да түрік капиталының қатысуымен «Бал Текстиль» ЖШС және «Lux Shoes» БК» ЖШС жобалары жүзеге асырылған. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы ірі кәсіпорындар қала қазынасына қомақты қаражат құйып, қала экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып отыр.

849 қаралым