Жарияланды: 07.12.2019

Тоқыма саласының орталығына айналған

«Financial Times» баспасының еншілес басылымы болып табылатын «fDi Magazine» іскерлік журналы ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша еркін экономикалық аймақтардың «Global Free Zones 2019″рейтингін жариялады. Рейтингке сәйкес Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы «Specialisms textiles» — «Тоқыма саласында мамандандырылған» және «Crossborder collaboration» — «Трансшекаралық ынтымақтастық» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. Аталған номинациялар «Оңтүстік» АЭА-ның еліміздегі тоқыма саласының орталығына айналғаны және резидент кәсіпорындардың таяу және алыс шетелдермен белсенді сауда ынтымақтастығын орнатқаны үшін берілді. Бүгінгі күні «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында жалпы инвестиция сомасы 29,5 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 1531 жұмыс орны құрылды. Толықтай инфрақұрылыммен жабдықталған. «Оңтүстік» АЭА-ның кәсіпорындары 60-қа жуық өнім түрлерін шығарады, өндірістің жалпы көлемі 53,9 млрд.теңгені құрайды. Осы өнімнің 37,2 млрд.теңге сомаға тең көлемі 15-тен астам мемлекеттерге экспортталды.

1 019 қаралым